Көптеген елде YouTube дұрыс жұмыс істемей тұр

Әртүрлі елдердегі YouTube қолданушылары видео хостингтің дұрыс жұмыс істемей тұрғанына жаппай шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Downdetector сайтындағы мәліметтерге сәйкес, ақау 6 маусымда орын алды, алайда кешкі сағат 20:00 шамасында (Астана уақыты бойынша) шағымдар саны күрт артқан.
Ютубтың дұрыс жұмыс істемей жатқанын, көбіне АҚШ пайдаланушылары шағымданған. Сондай-ақ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Бразилия және басқа мемлекеттердің тұрғындары да хостинг жұмысындағы ақауға наразылық білдірген.
Қызметті пайдаланушылардың көпшілігі видео ашылмай, сайт пен қосымшаның жүктелуінде де проблема барын айтқан.
Бұған дейін YouTube өзінің логотипінің түсін өзгерткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript