Интернет неге дұрыс жұмыс істемей тұр - министрлік түсініктемесі

Интернет, ақау, министрлік, түсініктеме, 7 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 15:16 Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 7 маусымда кейбір қазақстандықтар интернеттің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтып, шағымданды. Осыған байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, жекелеген интернет-ресурстарындағы уақытша іркілістер құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты орын алды.

"Қазақтелеком" АҚ ақпараты бойынша, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болды", - дейді министрлік өкілдері.

Айта кетсек, 2026 жылғы 22 мамырда Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы автодозвон мәселесіне қатысты жақсы жаңалықпен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: