Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыздың қашқын президенті Бакиевтің немересі "Петров" болып, Минскіде жүр

bakievs_pressservice, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 18:32 bakievs_pressservice
25 жастағы Руслан Петровтың Минск қаласындағы Centropol кешенінің құрылысына қатысып жатқан компаниялардың бірінде үлесі бар.

Қырғызстанда ұзақ мерзімге сырттай сотталған елдің бұрынғы президенті Курманбек Бакиевтің немересі, Марат Бакиевтің ұлы Руслан фамилиясын Петров деп өзгертіп, Беларусьта кәсіппен айналысып жүр. Бұл туралы Naviny.by сайты жазды, дейді centralasian.org.

Басылым мәліметіне қарағанда, 25 жастағы Руслан Петровтың Минск қаласындағы Centropol кешенінің құрылысына қатысып жатқан компаниялардың бірінде үлесі бар. Бұл жобаға салынған инвестицияның көлемі 80 миллион долларға бағаланған.

Naviny.by сайтының журналистері кешенге құрылыс істерін жүргізіп жатқан "Гермес Констракшн" компаниясы мен акцияларының 75 проценті Руслан Петровқа тиесілі Forpaton Resource LP компаниясының байланысын анықтаған.

"Руслан Петров – Курманбек Бакиевтің немересі деп болжауға болады. Себебі, бұрынғы қырғыз президентінің отбасымен түскен суреттегі адам Руслан Петровтың Facebook, Linkedin сайтындағы және ол білім алған Беларусь мемлекеттік университеті сайтындағы суреттерге ұқсайды", - деп жазады басылым.

Naviny.by Беларусьтың заңдық және жеке тұлғаларды тіркеу мәліметіне сүйеніп, Руслан Петров биыл наурыз айында тіркеуден өткен "Белхантер-Инвест" компаниясының құрылтайшыларының бірі екенін жазады.

Былтыр жергілікті ақпарат көздері Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсенов аты-жөнін Даниил Урицкий деп өзгертіп, Беларусьта бизнес ашқанын жазған. Ол Қырғызстанда 2010 жылдың сәуір оқиғасына қатысты қылмыстары үшін айыпталып, өмір бойы түрме жазасына кесілген.

Курманбек Бакиев Қырғызстанды 2005-2010 жылдары басқарған. 2010 жылдың сәуір айындағы халық толқуынан кейін, елден қашып, Беларусь астанасы Минскке жайғасады.

Бакиев және оның жақындары Қырғызстанда қылмыстары үшін сырттай сотталған. Өздері айыптарын мойындаған емес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: