Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

ҰҚШҰ Бас хатшысы жаңадан тағайындалды

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл лауазымды Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Станислав Зась атқаратын болады.

Сурет : zakon.kz28 Қараша 2019, 16:30

Бішкектегі "Ала-Арча" резиденциясында журналистерге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы міндетін атқарушы Виктор Семериков ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің президенттері ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасын бекіткенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл лауазымды Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Станислав Зась атқаратын болады.

- Бүгін президенттер Станислав Засьты жаңа лауазымымен құттықтады. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас хатшы болады, - деді Семериков.

Ол Бас хатшы лауазымын ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өкілдері әліпби тәртібімен алмаса отырып, атқаратынын айтты. Бұған дейін Арменияның өкілі Арменияның өкілі Юрий Хачатуров болған, бірақ бұл ел оны өткен жылы ұйымның Бас хатшысы қызметінен алып тастады, өйткені арнайы тергеу қызметі оны 2008 жылдың 1 наурызында Ереванда болған наразылықтарды тарату бойынша қылмыстық іс аясында конституциялық құқықты аяқ-асты етті деп айыптады. Сондықтан қазір Беларусь елінің өкілінің кезегі келді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҰҚШҰ-ға мүше елдердің жоғарғы басшылары - Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Армения Бішкекте "Ала-Арча" резиденциясында келіссөздер өткізіп, бірлескен мәлімдеме жасады.

Альберт Ахметов, Бішкек


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер