Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы метросында бір жігіт биіктен рельс жолына құлап кетті

Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханаға жеткізілді.

Сурет : видеодан алынды28 Қараша 2019, 17:46

Алматы метросында пойызды күтіп тұрған жолаушы платформадан төменге құлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода платформа шетінде пойыды күтіп тұрған жас жігіттің бір уақытта теңселіп, өздігінен төмен, рельс жолына құлады. Мұны көрген куәгерлер жігітті құтқаруға асықты, тағы бірі алыстан пойыздың жүргізушісіне қолын сермеп, тоқтауын сұрап, ескерту жасады.

"Бұл оқыс оқиға 27 қарашада Алматы қаласының метросында Байқоңыр станциясында сағат 19:19 шамасында болған. Жас жігіт кенет өзін жайсыз сезініп, есінен танып, рельс жолына құлаған. Электрмен жүретін пойыз машинисі токты ажыратып, дереу тоқтап үлгерді. Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханаға жеткізілді. Зардап шегуші өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған, жолаушының метро қызметіне шағымы жоқ", - дейді қалалық метроның баспасөз қызметі.

Олар метро қауіпті аймақ екенін ескертеді, өйткені электрмен жылжитын пойызға ток рельс арқылы беріледі, ондағы ток кернеуі 825 В құрайды.

"Барлық станцияларда және электрлік жылжымалы құрамдарда платформаның шетіне тым жақындауға болмайтыны туралы дауыс зорайтқыш арқылы үнемі ескертіліп отырады, сондай-ақ метрода жүру ережелері де ескертіледі. Станция кезекшілері де жолаушыларға үнемі қауіпсіздік шараларын ұстану туралы ескерту жасайды. Метро нысандарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды сұраймыз", - дейді метро қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер