Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда "бір күндік" фирма арқылы 498 млн теңге алып шықпақ болғандар ұсталды

Биыл 15 қарашада сот қылмыстық процесті жүргізетін органның талабы бойынша 3 адамға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

Сурет : zakon.kz29 Қараша 2019, 11:52

Бұғатталған қаражат "бір күндік" жалған компания арқылы "аударылып", ұрланған, деп хабарлайды zakon.kz Алматыдағы экономикалық тергеулер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы экономикалық тергеулер басқармасы "Стоп-Обнал" жалпымемлекеттік жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жалған мәміле бойынша фирмадан ақша шығарып беретін фирманың бірқатар тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сотқа дейінгі тергеу ісінің бірінде ұсталған адамның бірі "бір күндік" жалған фирма арқылы 498 миллион теңгені жалған чекпен шығарып беруі сынды қосымша факті анықталды.

Биыл 15 қарашада сот қылмыстық процесті жүргізетін органның талабы бойынша 3 адамға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 216 бабы, 3-тармағы, яғни "Істелмеген жұмысқа, көрсетілмеген қызметке, тиелмеген жүкке шот-фактура рәсімдеу әрекетіне бару", сондай-ақ 190-бап, 4-бөлігі, яғни "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" және 385-бап, 2-бөлігі, яғни "Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, пломбаларды, бланкілерді, почта белгілерін, мемлекеттік марапаттарды жасау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етілмейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер