Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Ташкенттегі жиында 15 наурызды Орталық Азия күні ретінде белгілеуді ұсынды

president.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 23:01 president.uz
Сондай-ақ Елбасы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударып, тағы бірқатар ұсынысты алға тартты.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінде бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Елбасы "ХХІ ғасырдағы Орталық Азияны дамыту мақсатында тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартты" бес жақты форматта жасасуды ұсынды.

"Бұл іргелі саяси құжатта біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі қағидаттары мен мақсаттары көрсетілуі керек. Келісімге сондай-ақ елдеріміздің егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу туралы ережелер енеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында келесі жылы Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының кездесуін өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ, кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысушы елдердің үкіметтерін демографияның жоғары динамикасына байланысты проблемаларға назар аударуға шақырды.

"Тауарлардың, қызметтердің және капиталдың қозғалысына шектеу қоятын кедергілерді алып тастау арқылы кедергісіз Орталық Азияны құруға қол жеткізу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы барлық мемлекет басшыларын жаңа мереке - 15 наурызды Орталық Азия күні ретінде белгілеуге шақырды.

Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, осы бағыт аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында білім алу құқығын бере отырып, аймақтың әр елінен келген студенттерге 10 грант бөлуді ұсынды.

"Түркі әлемінің бесігі - Түркістан қаласы қайта түлей бастады. Сонымен бірге ол өзінің мәдени, тарихи және рухани өзегін сақтайтыны сөзсіз. Біз оны ортақ мақтанышымызға айналатын керемет мегаполис қыламыз. Сондықтан мен Орталық Азияның бауырлас мемлекеттерінің басшыларын келесі жылдың күзінде осы көне қалаға шақырамын", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Сөз соңында Елбасы Орталық Азия елдерінің мұраларын кеңейту және тереңдету қажеттігін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: