Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Түркістан: Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға арнайы келгеніне тоқталған жазушы Мархабат Байғұт Елбасының сұңғылалығы мен даналығын, оның шынайы болмысын суреткер көзімен талдап айтып, тосын деректерді көпшілікке баяндады.

Сурет : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі29 Қараша 2019, 17:05

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының бастамасымен мемлекетті аяқтан нық тұрғызу бойынша түрлі идеялар саяси-экономикалық реформалардың іске асуына, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы орайда, Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Елбасының курстасы Каримов Асетулла, "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы қатысты. Конференцияны ашып жүргізген С.Қалқаманов Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты, нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналғанын атап өтті.

Елбасымыздың Түркістан облысына, оның орталығы Түркістан қаласына ықыласы ерекше екенін білесіздер. Біздің алдымызда Елбасы сенімін ақтап, Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін тер төгіп, аянбай еңбек етуіміз керек, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға арнайы келгеніне тоқталған жазушы Мархабат Байғұт Елбасының сұңғылалығы мен даналығын, оның шынайы болмысын суреткер көзімен талдап айтып, тосын деректерді көпшілікке баяндады.

Елбасының облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жөніндегі Жарлығының арқасында Түркістан көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр.

Өз кезегінде "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бұрынырақ жарық көрген "Президент пен перзент" кітабының жазылудағы ел білмейтін деректерімен бөлісті.
Шарада Ұлт Көшбасшысының Қазақстанды дамыту жолындағы қайраткерлігі, ұлтқа деген қызметі, тұлғалық қасиеті ашыла түсті.

Айта кетейік, Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері киелі Түркістан облысына 36 рет ресми сапарлап келген. Оның 36-шы сапары жуырда 4-5 қараша күндері болып өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер