Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Zakon.kz Zakon.kz
Конференцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізді.
Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш Президент күні - ұлт руханиятының құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізді.

Жиын барысында э.ғ.к Қ.Құдайбергенов «Елбасы саясатындағы Сыр елі», ф.ғ.к., О.Бермаханов «Рухани құндылықтардың адам капиталын дамытудағы маңызы», Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов «Елбасы бастамалары – сот реформаларының негізі», т.ғ.к М.Аңсатова «Елбасы саясаты және тарих ғылымы», Н.Мыңжасов «Этносаралық қатынастарды реттеудің Қазақстандық моделі», А.Оразбақов «Президент саясаты және ұлттық демографияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар мен қонақтар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өзара еркін пікір алмасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: