Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасының қызметкері парамен ұсталды

Ол құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия беру үшін кәсіпкерден 2500 доллар алған.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол лауазымды тұлға бола тұра 2-ші санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия беру үшін кәсіпкерден 2500 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Бөлісу
0
Толық оқу