Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда Тауар мен қызмет сапасын бақылау басқармасының бастығы парамен ұсталды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 19:18 inbusiness.kz
Ол жеке компания өкілінен санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытынды бергені және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу үшін 100 мың теңге пара алды деп айыпталған.

Тараз қаласында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысында, жеке кәсіпкерге қатысты тексеруді заңсыз ұйымдастыру жолымен әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға мәжбүрлеген (Тараз қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша әкімшілік іс жүргізу шешімдері жойылды), қызметтік өкілеттігін асыра қолданған "Тараз қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының" РММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған лауазымды тұлға жеке компания өкілінен санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытынды бергені және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін 100 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталған болатын.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: