Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында спорт кешені ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 00:38 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңадан бой көтерген Жамалбек Қозыбақов атындағы зәулім спорт кешенінде тұрғындар бокс, еркін күрес, грек-рим, футбол алаңшасы, шахмат және дойбы сынды спорт түрлерінен шұғылдана алады.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде жеке кәсіпкер, Педагогика ғылымдарының докторы Момбек Қозыбақовтың демеушілігімен салынған спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан аймақтық байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа спорттық-сауықтыру орталығының лентасын Мемлекет және қоғам қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Амалбек Тшанов пен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қиды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 00:38

Жаңадан бой көтерген Жамалбек Қозыбақов атындағы зәулім спорт кешенінде тұрғындар бокс, еркін күрес, грек-рим, футбол алаңшасы, шахмат және дойбы сынды спорт түрлерінен шұғылдана алады. Құрылысы 2018 жылы басталған спорттық нысанның құны – 150 млн. теңге. Бір мезетте 100-ге жуық спортшы жаттыға алатын кешенде барлық жағдай жасалған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 00:38

- Тұңғыш Президент күніне тарту етіліп отырған осы әлеуметтік маңызы бар нысан бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, талай дарынды шәкірттер мен дарабоз тарландар түлеп ұшып, егеменді еліміздің көк байрағын жеңіс тұғырына көтеріп, желбіретеді деп сенемін, – деді аудан әкімі Бауыржан Омарбеков.

Момбек Қозыбақов заманауи үлгіде салынған спорт кешенінің кілтін аудандық спорт мектебіне салтанатты түрде табыс етті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 00:38

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: