Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: 39 мыңнан астам оқушы "Тұңғыш Президент Күніне" орай өткізілген ашық сабаққа қатысты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:51 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шара барысында студенттер мен оқушылар Елбасының өмір жолынан сұрақтар қойып, мардымды жауап алды.

Түркістан облысында 39410 оқушы "Тұңғыш Президент күніне" орай өткізілген өткен ашық сабаққа қатысты.

Жас жеткіншектерге 59 қоғам қайраткерлері дәріс оқыды. Атап айтсақ, Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов студенттермен кездесіп, басқосу барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел іргесін қалау жолындағы ерліктері туралы сабақ өтті. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт күн кешуінің тарихы тереңнен баяндалды. Ел еңсесін тіктеп, бой көтере бастаған жас мемлекеттің бүгінгідей әлемнің алпауыт елдерімен теңесе алатындай дәрежеге жету жолы білімпаздарға кеңінен түсіндірілді. Ж.Мәуленқұлов өз сөзінде Елбасының қазақ халқы үшін жасаған жемісті еңбектерін түсіндіріп, Тұңғыш Президентіміздің бүгінгі ұрпақ біле білмейтін қырлары мен сырлары кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел үшін жасаған игі істерін, өмір жолынан да сыр шертті. Осындай бастама қала мектептерінде өз жалғасын тапты. Зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері мектеп оқушыларымен жүздесіп, Ұлт көшбасшысын мақтан етуге, Отанды сүюге тәрбиелеуге және оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамытуға шақырды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының көшбасшылық қасиеттері мен өмір жолын таныстыру жұмыстары кеңінен насихатталды.

Шара барысында студенттер мен оқушылар Елбасының өмір жолынан сұрақтар қойып, мардымды жауап алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:51, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:51, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2019 16:51

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: