Нұр-Сұлтанда 23 жастағы мас жігіт таксистің көлігін тартып алып, адам қағып өлтірді

pixabay.com pixabay.com
Апат салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Нұр-Сұлтанда бөтен біреудің көлігін айдап кеткен жігіт екі адамды қақты, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Таңғы сағат 06.52-де "Бизон" кафесінің жанында белгісіз ер адам таксисті ұрып-соғып, оның "Лада" автокөлігін теуіп кеткені туралы ақпарат түсті. Сағат 06.58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінде жүргінші жолағымен жолдан өтпек болған екі адамды қақты. 23 жастағы күдікті қамауға алынды, - деп хабарлады полиция.

Ол мас күйде болған екен.

Апат салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Көлік қаққан 2005-ші жылғы екінші жүргінші көптеген жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз