Алматы-Талдықорған жолында көлік қаққан әйелді тағы екі мәшине басып өтті
zakon.kz
Әйел оқиға орнында жан тапсырды.
Өткен жексенбіде кешкі сағат он шамасында Алматы-Талдықорған тас жолының 34-ші шақырымында жолға жүгіріп шыққан әйел үш көліктің астына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелді алдымен Mitsubishi Lancer автокөлігі қаққан. Ондаған метрдей жерге ұшып түскен әйелдің үстінен тағы екі автокөлік басып өтіп, тағы біраз жерге сүйреп кетті.
Үш көлік те тоқтады. Жолда жатқан әйелді бірінші болып басып кеткен Nissan Cefiro рөліндегі қыз көліктен түсіп, "102" нөмірін тере бастағанда әйелді басқан екінші көлік рөліндегі жігіт пен қыз оған: "Полицияға хабарласпа! Отыр! Кеттік!" деп айқайлаған. Сосын ол екеуі шынымен де оқиға орнынан кетіп қалды.
Әйел оқиға орнында жан тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript