Шымкент-Леңгір тас жолында автокөлік көпірге соғылып, өртеніп кетті

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2019 15:58 otyrar.kz
Көлік жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Жан түршігенрлік жол апаты 7 сәуір күні Шымкент-Леңгір автожолында, Қапал батыр көшесінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Audi 100 автокөлігі көпірдің бетон тіреуіне соғылып, салдарынан автокөлік өртеніп кеткен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2019 15:58

Жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Ал шетелдік көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға куәгерлері алдыңғы орында өртенген мәйітті көргендерін айтуда.

Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, машинада тағы екі адам болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды сөндірді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: