Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Месси Роналдудан асып түсті: "Алтын допты" марапаттау рәсімінің видеосы жарияланды

Бір айта кетерлігі, марапаттау шарасына Португалия құрамасы мен "Ювентус" командасының ойыншысы Криштиану Роналду келген жоқ.

Сурет : видеодан алынды3 Желтоқсан 2019, 11:08

2 желтоқсанда Парижде футболдан 2019 жылғы "Алтын доп" иегерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл атақты Аргентин құрамасы мен каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси иеленді.

France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталған. Ең көп дауысқа ие болған Лео Месси мансабында алтыншы рет бұл жетістік шыңын бағындырып, рекордты жаңартты. Дауыс беру нәтижесі бойынша ІІ-орынға Криштиану Роналду тұрақтаған. Вирджил Ван Дейк болса үздік үштікті қорытындылады.

Бір айта кетерлігі, марапаттау шарасына Португалия құрамасы мен "Ювентус" командасының ойыншысы Криштиану Роналду келген жоқ. Роналду осыған дейін "Алтын допты" 2008, 2013, 2014, 2016, 2017 жылдары иеленді. Ал Месси (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы болып келген еді.

"Алтын допты" 2008 жылдан бері Месси, не Роналду еншілеп келген еді. Өткен жылы бұл атақ араға 10 жыл сала өзге ойыншыға, нақтырақ айтқанда Лука Модричке бұйырған болатын.

Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл бұл екі марапатты да Лионель Месси иеленді.

Марапттау сәтінің видеосы:

Дерек көз: vesti.kz


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер