Роналду өз мансабындағы 929-шы голды соғып, әлемдік көрсеткішті жаңартты

Роналду, Дания, Португалия, 929-шы гол , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2025 10:31 Сурет: Instagram/cristiano
24 наурызға қараған түні Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду УЕФА Ұлттар лигасының 1/4 финалы аясында Дания командасының қақпасына өз мансабындағы 929-шы голды соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Португалия командасының шабуылшысы өз Отанында өткен Данияға қарсы матч барысында 72-ші минутта гол соқты. Осылайша ол отандастарын 1:1 есебімен алға шығарды.

Бұл гол Роналду үшін бүкіл мансабындағы 136-шысы болды, ал клуб деңгейінде Криштиану 793 гол соққан.

Сондай-ақ, 40 жастағы футболшы 22 жыл қатарынан өз құрамасы үшін гол соғумен болған тарихтағы алғашқы ойыншы деп жарияланды.

Криштиану Роналду өз елін 2004 жылдан бастап жыл сайынғы голдарымен алға шығарып келеді. Данияға қарсы матчта "Әл-Насыр" капитаны 7-минутта ерекшеленуі мүмкін еді, бірақ пенальтиді жүзеге асыра алмады.

Даниялықтармен кездесу қарсаңында Роналду әйелі Джорджинамен үйлену той жасайтынын айтқан. Олар баяғыда бас қосқанымен, бұған дейін үйлену тойы болмаған екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: