Роналду мансабындағы голдар санын 954-ке жеткізді

Роналду мансабындағы голдар санын 954-ке жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 16:50 Сурет: Instagram/alnassr
24 қарашаға қараған түні Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 954-ші голын соқты. Бұл гол "Аль-Халиджге" қарсы өткен өз алаңындағы ойында тіркелді. Португалиялық өзінен қайтара соққы жасап, матчқа 4:1 есебімен нүкте қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

40 жастағы футболшы жеңіс голын Сауд Арабиясы чемпионатының тоғызыншы туры аясында салды.

Қазір Роналдуның есебінде клуб деңгейінде 812 гол, ал Португалия құрамасы сапында 142 гол бар.

Биылғы маусымда Криштиану клуб (10) және ұлттық құрама (5) үшін жалпы 16 матчта 15 гол соғып үлгерді.

Айта кету керек, "Аль-Наср" жергілікті чемпионатта өте жақсы қарқын алып келеді: тоғыз ойын – тоғыз жеңіс, нәтижесінде 27 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Бұған дейін қонақ үй қызметкері Лионель Мессимен бірге видеоға түскені үшін жұмыстан қуылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: