Жаңалықтар тізбегі
0

Отбасында әкенің рөлі неге төмен

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2019 17:53 видеодан кадр
Ендігі мақсат қазақ отбасындағы әкенің статусын қайтару, дейді сарапшылар.

Отағалар қайда? Сарапшылар "әкенің отбасындағы беделінің бәсеңсуі қоғамдық дертке айналған" дейді. Әйелдер мен балаларға көрсетіліген зорлық-зомбылық фактілер, алименттен жалтарып жүрген ер азаматтардың статистикасы күн санап артып келеді. Неге? Жалпы "қазақ қоғамында ер азаматтардың рөлі төмендеп кетті" дегенді де жиі айтатындар бар. Ал, оның рөлін қайта қалыптастыру үшін не істеу керек?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Отағасының үйдегі рөлі қандай? Әуелі осы сұраққа сіз жауап көрейікші. Өйткені "Отағасы" деген атқа лайық ер азаматтар азайған, отбасындағы әкенің рөлі төмендеген уақыт, дейді сарапшылар. Неге?Ең бірінші халықтың өзінен сұрап білдік.

"Ол рас енді, әкелердің рөлі төмендеп бара жатқаны. Білмеймін, ол жағын айта алмаймын енді. Оны ер адамдардан сұраңыздар".

"Әкелер балаларына көп мән бермейді. Олар кейде тек қана жұмыста болады. Және балалар көбіне тек анасының қолында қалады".

"Аналар өзіне көп жұмысты да, тәрбиені де алған соң шығар".

Өздеріңіз естігендей ешкім білмейді, айта алмайды. Ал бала тәрбиесіне қатысты жиі тренинг өткізіп, қоғамдағы кемшіліктерді айтатын мотиватор Бауыржан Қасымбергембаевтың пікірініше, ұл баланы тым еркелетіп өсіргеннің кесірі дәл осындай проблеманың туындауына әкеп соққан.

Бауыржан Қасымбергебаев, кәсіпкер, мотиватор:

"Ұлыңызды жақсы көріп, еркелетуге болады. Біздің қоғамда ұл туса төбеге көтеріп, оны еркелете бастайды. Ал оның тәрбиесіне 90 пайыз анасы жауап береді. Өйткені әкесі әрдайым түзде. Салдарынан әкелер балаларымен қарапайым сөйлесуді білмейді. Баламен сөйлесу керек. Оған ер азамат қандай болу керектігін айтып, өзі де оған лайықты болу қажет".

Алимент төлемейді, ұрады-соғады, зорлайды. Құлаққа түрппідей естілетін сөздердің барлығы ер-азаматтарға тиесілі. Оған жаға ұстатарлық статистика дәлел. Мәселен Анар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны. Шиттей бала-шағасымен дағдарыс орталығын паналап жүр. Өйткені, сүйген жары тек өзіне ғана емес, балаларына қол көтеруді қоймаған. Әбден зәре-құты қашқан келіншек амалсыздан отағасынан кеткенін айтады.

Анар, қала тұрғыны:

"Әбден қинады мені. Үш балам бар. Бала-шағамды қарғап сілейді. Қайнағаларым сөйлейді. Қайным бар, қайным боқтайды. Осы әулеттен қаншама қиыншылық көрдім. Отырсам опақ, тұрсам сопақ қылады. Ішеді. Тоже вот жындыханаға жатып шыққан".


Қоғамда зорлық-зомбылық фактілерінің тым жиілеп кеткені белгілі. Танымал қоғам қайраткерлері де оған алаңдаушылық білдіруде. Себебі тәуелсіздік жылдарындағы дағдарыс көптеген отбасыларға психологиялық тұрғыдан әсер еткен.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

"Тәуелсіздік күнінде туылғандардың өзі, қазір отызға толады мысалы. Қаншама өзгерістер болды, қаншама қиын кездер болды, күйзеліс кездер де болды. Қазір енді солардың бәрінің ізі қалады ғой енді. Менің ойымша. Әкенің рөлі де сол жерде. Жұмыссыздық мысалы өзі де".

"Ендігі мақсат қазақ отбасындағы әкенің статусын қайтару", дейді сарапшылар. Ол үшін мемлекет тарапыған кеңінен жұмыстар атқарылу тиіс. Солардың бірі:

Бауыржан Қасымбергебаев, кәсіпкер, мотиватор:

"Жалпы балалар психологын көбейту керек. Ал 10-11 сыныпта отбасылық құндылықтар жайлы семинарлар жиі өткізіп, балаларды дәл осы өмірге дайындау процесін бастаған жөн. Әрине мемлекет тарапынан қолдау болса жақсы. Ал өз бала-шағасына қол көтеріп, әйелін ұрған азаматтарды жауапқа тартып, заңды күшейткен абзал".

Сонымен әкенің беделін арттыруы үшін не істеу керек? Психологтердің пайымына салсақ, бүгінде ата-аналар негізгі функцияларын алмастырып алған. Екіншіден, әйелдердің тым билікке құмар болуы да еркектің эгосын жоғалтуға әсер еткен. Сондықтан екі тарап өздерінің негізгі рөлдерін атқарса, отбасында үйлесімділік пен тұратқылық орнамақ!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: