Алматыда "Әке – асқар тау, биік шың" атты әкелер форумы өтті

Іс-шара Отбасы күніне орайластырылды. Форумның мақсаты - әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі ерекше әрі ештеңемен алмастыруға болмайтын рөлін арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі форум аясында отбасылық тақырыптағы байқауларға ерекше басымдық берілгенін нақтылайды.
Форум аясында мынандай игі шаралар өтті:
- отбасылық тақырыптағы танымал шеберлердің өнер көрмесі;
- бала тәрбиесіне арналған, зорлық-зомбылықтың, құмар ойындардың т.б. жаман әдеттердің алдын алуға бағытталған деректі фильмдер, бейнероликтер көрсету;
- "Әке интеллектуал"; "Креативті әке"; "Шығармашыл әке"; "Спортшы әке"; "Аспаз әке" номинациясы бойынша форумға қатысушы әкелер арасындағы байқау.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз