Нұр-Сұлтанда адам қаққан жігіт бұрын сотталған болып шықты

mvd.gov mvd.gov
Ол бұрын кісі тонау мен ұрлық үшін сотталған екен.

Бүгін таңертең біреудің көлігімен адам қағып өлтірген күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған, әрі ол бұрын сотталған, деді полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, бұрын екі рет сотталған. Бір рет тонау үшін, екінші рет ұрлық үшін сотталған. Сот шешімімен екі жылға бостандығын шектеу туралы өтелмеген жазасы бар. Біз тергеу барысында барлық материалды ұсынатын боламыз. Шешімді сот шығарады, - деді Сәденов.

Іс жақын арада жабылады. Оған қарсы қозғалған іс бойынша 345-ші бап 5 жылға дейін, 200-ші бап 10 жылға дейін түрме жазасын көздейді.

- Ол орташа дәрежеде мас болған. Оған жүргізуші куәлігі бұрын берілмеген. Көлік жүргізуде асқан тәжірибесі болмаған. Тергеу басталды, - деп нақтылады полиция департаментінің басшысы.

Бүгін таңғы сағат 06.52-де "Бизон" кафесінің жанында белгісіз ер адам таксисті ұрып-соғып, оның "Лада" автокөлігін теуіп кеткені туралы ақпарат түсті. Сағат 06.58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінде жүргінші жолағымен жолдан өтпек болған екі адамды қақты. 23 жастағы күдікті қамауға алынған болатын.

Оқиға салдарынан 48 жастағы әйел қайтыс болды. Көлік қаққан 2005-ші жылғы екінші жүргінші көптеген жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз