Жаңалықтар тізбегі
0

"Назарбаевтың немересімін". Желідегі алаяқ офицердің бұрын не үшін сотталғаны белгілі болды

видеодан алынды/КТК, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 22:09 видеодан алынды/КТК
2011 жылы ақпан айында ол 9 жылға сотталған.

Желіде өзін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерімін" деп таныстырып, ақыры тұтылған алаяқ туралы бұрын Ресей баспасөзі де жазыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдында сотты болған бұл кісі ол кезде өзін Нұрсұлтан Назарбаевтың немересімін деп таныстырып жүріпті.

Сонымен, 2011 жылдың басында бірнеше ай бойына алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы Д.Абдуллаевтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Мәселен, Павлодарда ол кәсіпкерлерден 15 миллион теңгеден астам қаражатты бопсалап алған.

Телеарналар Абдуллаев полиция формасын (базардан сатып алған) киіп, қолында "Руслан Тимурұлы Құлыбаев" деген аты-жөндегі ҚР ІІМ-ге тиесілі қызыл куәлігі болғанын хабарлады.

"Ол көліктен түсіп, қасыма келіп атымды сұрай бастады, сөйтіп танысу басталды. Ол полиция қызметкері формасын киген. Ол кеткен соң көлігімдегі 3 миллион теңге ұшты-күйлі жоқ болып кетті", - дейді қарағандылық зардап шеккен кәсіпкер.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 22:09

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 22:09

Сол секілді ол кезде оған автокөлік ұрлады деген айып тағылды. Мәселен, Алматыда ол жергілікті кәсіпкерді саунаға шақырып, оны ішкізіп, мас қылып, есік алдындағы жол талғамайтын көлігін ұрлап кеткен. Астанағы барған Абдуллаев ол көлікті арзанына ауыстырған, оның үстіне 7 мың доллар қосып алған. Содан кейін ол тағы екі көлікті ұрлады деп хабарланған.

Оқи отырыңыз: Қожамжаровтың куәлігін ұстаған Арман Иманбаев әкіреңдеп жүр

Ол сол кезде тура осылай Павлодарда тағы бір алаяқтық әрекеті кезінде ұсталған.

Павлодар соты 2011 жылы оған 9 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті.

Айыптау қорытындысына сәйкес, оған "бірнеше көлік ұрлады және Қазақстанның бірнеше қаласында 2,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлады" деген жеті оқиға бойынша айып тағылған. Оның үстіне, бұл оның алғашқы сотталуы емес еді. Абдуллаев осыған ұқсас қылмысы үшін де алдында сотталған болатын, бірақ ол рақымшылыққа ілініп, ерте қамаудан босатылды.

Бұл жолы да ер адам алаяқтық үшін іздеуде болған. Қандай алаяқтық үшін екені, әзірге белгісіз. Бірақ оның ұрланған көлікпен ел аралап, Павлодарда жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат бар.

Оны жол апаты кезінде екінші тарап видеоға түсіріп алған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2019 22:09

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: