Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде селфи жасамақ болғанда пойыз қаққан қыз ауруханада көз жұмды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 14:45 pixabay.com
Полиция департаменті жаяу жүргіншілерді темір жол маңында да, автожолдарда да сақ болуға ескертеді.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында сағат 23:00-де Ақтөбе қаласының Авиақалашық ауданында темір жол төсемінің жанында жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Екі қыз келе жатқан поездың аясында селфи түсіріп, нәтижесінде қыздардың бірін поезд қағып кетті. Зардап шегуші Ақтөбе қаласы жедел жәрдем көрсету ауруханасына жеткізілді, сол жерде таңертең көз жұмды.

Осыған байланысты Полиция департаменті жаяу жүргіншілерді темір жол маңында да, автожолдарда да сақ болуға ескертеді.

Тек қараша айында Ақтөбе облысының жолдарында 43 жаяу жүргінші зардап шекті, оның ішінде 6 адам қаза тауып, 39 адам жараланды. Жыл басынан 17 адам қаза тауып, 300 адам жараланды.

304 жаяу жүргіншіні қағып, оның ішінде 108-і жаяу жүргіншілер өткелінде, қалған 196-ы белгіленбеген орындарда орын алған.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаяу жүргіншілер: реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жақындап келе жатқан көлік құралдарына дейінгі қашықтықты бағалағаннан кейін жолдың жүру бөлігіне шығуға, олардың жылдамдығына және олар үшін өту қауіпсіз екендігіне көз жеткізуге МІНДЕТТІ екенін еске салады.

Жаяу жүргіншілер өтпесінен өтер кезде көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасамайтынына және жақындап келе жатқан көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізіп немесе шолуды шектейтін өзге де кедергілердің шықпайтынына көз жеткізуі тиіс.

Бүгінгі күні облыс полицейлері жолдың жүру бөлігінің белгіленбеген жеріне өтуі үшін 14 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 мыңға артық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: