Жаңалықтар тізбегі
0

Ауа температурасы төмендейді: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Мұз, көктайғақ Сурет: Алматы ТЖД
Алматы қаласының ТЖД автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді жолдың тайғақ болуына байланысты сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазгидромет жауын-шашын түс ауа аяқталатынын мәлімдеді.

Ауа температурасы бүгін күндіз 0...-2°C, күннің екінші жартысында одан әрі төмендейді. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Көктайғақта құлап қалмау үшін мына ережелерді есте сақтаған абзал.

  • қар мен көктайғақ кезінде көлік дөңгелектері таю көрсеткіші артады. Сондықтан әсіресе жаяу жүргіншілер учаскесінде сақ болған жөн;

  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген жерлерден кесіп өту керек;

  • әсіресе жолдан өтер кезде, сыртта (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) сақ болыңыз;

  • алға және аяқтың астына мән беріңіз;

  • аяқ киімнің табаны таймайтындай болу керек. Кедір-бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды кебіс таңдаған жөн;

  • қолыңызды қалтаға салып жүрмеңіз, тепе-теңдік бұзылып мұзда тайып кетуіңіз мүмкін;

    Жаяу жүргіншілер жолы, қалалық көлік аялдамалары, дүкендердің алды, үйге кіреберіс жер – адамдар жиі құлап кететін жерлер.

  • Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖД тұрғындардан көліктерін электр беру желілерінің және басқа да ілінетін құрылымдардың астына қоймауды сұрайды;

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз