Қар аралас жаңбыр, жел, көктайғақ: полиция алматылық тұрғындарға ескерту жасады

Алматыда полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 10:07 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде, соның ішінде Алматы қаласы аумағында жауын-шашын, аяз болады және ауа температурасы біршама төмендейді. Әдетте, ауа райының нашарлауы жалпы жол-көлік жағдайына әсер етеді.

Осыған байланысты Алматыда тұрғындарына полиция жол қозғалысы ережелерін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады. Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырады.

"Жауын-шашынның мол түсуі қаладағы жол қозғалысын айтарлықтай қиындататыны белгілі: кептелістер болады. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпсіздігі: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдай тудырады, қауіпті маневрлер жасайды, өзара сыйластық танытпайды, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Мұның бәрі жолдағы жағдайға кері әсерін тигізеді", — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар департаментте тәжірибеге сәйкес, жол-көлік оқиғаларының саны ауа райы нашар күндері айтарлықтай артатыны айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: