Жаңалықтар тізбегі
0

Броконерлер айғақты жасыру үшін астындағы қымбат көлікті өртеп жіберді

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің БҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 21:59 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің БҚ
Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды.

Ақтөбе облысында браконьерлер ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылы 5 желтоқсанда түнгі сағат 3:45 шамасында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында рейдтік іс-шаралар кезінде «Охотзоопром» өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының инспекторлары күдікті Toyota Land Cruiser 100 автокөлігін байқады. Олардың ізіне түскенде күдіктілер айғақтарды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды, - деді Сәкен Ділдахмет.

Ұсталғандар ақбөкендерді атқандарын мойындады. Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды.

Қазіргі уақытта Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факт 2019 жылдың 5 желтоқсанында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Шалқар ауданының полиция бөлімінің бірыңғай дерек тізіліміне тіркелді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 21:59

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: