Жамбыл облысында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Жамбыл облысы, қару-жарақ, оқ дәрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 14:45 Сурет: pixabay
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы бұрынғы тұтыну қоймасынан ИЖ қос, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасының жазуынша, қараусыз қалған ғимараттан табылған қару-жарақтың зауыттық нөмірлері механикалық түрде өшіріліп, полиэтилен пакетке салынған.

Сурет: polisia.kz

Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сраптамасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: