Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

Заңсыз сақталған қару тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 11:54 Сурет: polisia.kz
Тәркіленген қарулардың ішінде екі ұсақ калибрлі ТОЗ -16 және ТОЗ-8 мылтықтары, ИЖ-56 Белка қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр МР-153 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Сонымен қатар осы жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 мылтық, калибрлі ИЖ-18Е бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді.

Сол күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында калибрі 16 миллиметр ИЖ-18 ЕМ бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.

Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: