Абай облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Семей маңындағы саяжай алабында аяқталмаған құрылыстың іргетасы астында тегіс ұңғылы қос ұңғылы мылтық, АК-103 автоматы, Астра тапаншасы және 104 дана патрон тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция табылған олжаның ҚР ІІМ базасына сәйкес тіркелгенін, ол арада қылмыстық қару жоқ екенін нақтылайды.
"Аталған факт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", делінген хабарламада.
Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

