Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған 191 орын анықталды

Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған 191 орын анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 21:07 Сурет: видео скрині
Абай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласы мен Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумақтарында қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 191 орнын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде барлық заңсыз қоқыс орындары жойылды.

"Жіберілген заңбұзушылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бірқатар қызметкері тәртіптік әрі әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бұл бағыттағы қадағалау іс-шараларын жалғастыратынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: