Қасым-Жомарт Тоқаевты Мюнхен конференциясына қатысуға шақырды

Ақорда Ақорда
Президентті беделді жиынға Вольфганг Ишингер шақырды.

Берлинде ресми сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Германия басшылығымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне тоқталып, Қазақстан нарығына неміс бизнесін, технологиясы мен инвестициясын тартудың маңыздылығы жөнінде айтты.

Вольфганг Ишингер келесі жылы өтетін кезекті Мюнхен конференциясына дайындық барысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан Президентін аталған беделді жиынға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз