Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің тамыз конференциясына қатысады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2019 22:23 Ақорда
Конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі болады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Тамыз конференциясына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2019 жылғы 16 тамыз күні Тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді. Конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі болады", – деп жазды ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: