Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Зайнутдинов екі доп соғып, "Ростов" "Спартакты" сан соқтырды

Қазақстандық футболшының командасы үшінші орынға көтерілді.

Сурет : ФК "Ростов"9 Желтоқсан 2019, 08:45

Ресей чемпионатының 19-шы турында "Ростов" ойыншылары мәскеулік "Спартакты" сырт алаңда ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен кездесу 4:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

22-ші минутта "Ростовтың" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар кезде "Ростов" ойыншысы Ивелин Попов 11-метрлік пенальтиді сәтті орындай алмады.

53-ші минутта Алексей Ионов, 79-шы минутта Дмитрий Чистяков есепті 3:0-ге жеткізді.

81-ші минутта "Спартак" сапынан Эсекиэль Понсе доп соққаны сол еді, бір минуттан кейін Зайнутдинов дубль авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында "Ростов" 34 ұпай жиып, турнир кестесіндегі үшінші орынға шықты. 22 ұпаймен қалған "Спартак" әзірге оныншы орында келеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер