"Челси" Еуропа Лигасын жеңіп алды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2019 14:57 Pixabay
Команда Ағылшын премьер-лигасында үшінші орынға тұрақтады.

Лондондық "Челси" Еуропа Лигасының финалында "Арсеналды" ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Қос команданың арасындағы кездесу сәрсенбі күні Бакуде өтіп, 4:1 есебімен аяқталды. Есепті кездесудің 48-і минутында "аристократтардың" шабуылшысы Оливье Жиру ашты. 60-ы минутта жартылай қорғаушы Педро теңбіл допты қақпаға тоғытып, басымдықты арттырды. Сонымен қатар хавбек Эден Азар дубль (65-і, 72-і) жасады. Ал "Арсеналдың" еншісіндегі жалғыз голды кездесудің 69-ы минутында жартылай қорғаушы Алекс Ивоби салды.

Осылайша "Челси" Еуропа Лигасының жеңіпазы атанып, келесі маусымда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін болады. Команда Ағылшын премьер-лигасында үшінші орынға тұрақтады.

Өткен маусымда испандық "Атлетико" Еуропа Лигасының жеңіпазы атанған болатын. Команда финалдық кездесуде француздық "Марсельді" 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: