Жаңалықтар тізбегі
0

Жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 16:42 Baq.kz
Олимпиадаға Қазақстаннан спорттың 23 түрінен 58 спортшы аттанды.

6 қазан мен 18 қазан аралығында Аргентина астанасы Буенос-Айресте өткен ІІІ жасөспірімдердердің жазғы Олимпиадасында Қазақстандық спортшылар 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Baq.kz.

Олимпиадаға Қазақстаннан спорттың 23 түрінен 58 спортшы аттанды.

Қазақстан құрамасының нәтижесін ұсынамыз:

9 қазан күні дзюдошылар Маргарита Гриценко (- 78 кг) мен Бекарыс Сәдуақас (- 100 кг) татамиге шықты. Маргарита қола жүлдеге ие болса, Бекарыс қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Айта кетерлігі, жарысқа қазақстандық екі дзюдошы ғана қатысқан болатын.

11 қазанда Роза Абитова көркем гимнастикадан халықаралық аралас команда сапында өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды. Осы күні дзюдошы дзюдошы Бекарыс Сәдуақас халықаралық аралас сында «Лондон» командасымен бірге қола медаль алды.

13 қазанда Диас Бахриддин каноэ есуден спринт жарыста чемпион атанды. Ал қыздар арасындағы байдарка есу жарысында Стелла Суханова қола жүлдегер атанды.

18 қазан күні велоспорттан Қазақстан ерлер командасы мүшелері Глеб Брусенский мен Евгений Федоров бес кезеңде 418 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Ал бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Дамир Тойбай күміс жүлдегер атанып, қыздар арасында Надежда Рябец (-75 кг) қола жүлдеге ие болды. Бокстан Айбек Оралбай (91 кг) жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

19 қазанда жарыстың соңғы күнінде алғаш рет олимпиада бағдарламасына енген карате спортынан Әбілмансұр Батырғали (-68 кг) қола жүлдеге ие болды. Боксшы Талғат Шәйкен (64 кг) финалда ресейлік спортшымен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Осылайша ол жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құрама 8 медаль жеңіп алып, жалпы есепте 21-орыннан көрінді.

Қазақстан құрамасының нәтижесін ұсынамыз:

9 қазан күні дзюдошылар Маргарита Гриценко (- 78 кг)мен Бекарыс Сәдуақас (- 100 кг) татамиге шықты. Маргарита қола жүлдеге ие болса, Бекарыс қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Айта кетерлігі, жарысқа қазақстандық екі дзюдошы ғана қатысқан болатын.

11 қазанда Роза Абитова көркем гимнастикадан халықаралық аралас команда сапында өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды. Осы күні дзюдошы дзюдошы Бекарыс Сәдуақас халықаралық аралас сында «Лондон» командасымен бірге қола медаль алды.

13 қазанда Диас Бахриддин каноэ есуден спринт жарыста чемпион атанды. Ал қыздар арасындағы байдарка есу жарысында Стелла Суханова қола жүлдегер атанды.

18 қазан күні велоспорттан Қазақстан ерлер командасы мүшелері Глеб Брусенский мен Евгений Федоров бес кезеңде 418 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Ал бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Дамир Тойбай күміс жүлдегер атанып, қыздар арасында Надежда Рябец (-75 кг) қола жүлдеге ие болды. Бокстан Айбек Оралбай (91 кг) жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

19 қазанда жарыстың соңғы күнінде алғаш рет олимпиада бағдарламасына енген карате спортынан Әбілмансұр Батырғали (-68 кг) қола жүлдеге ие болды. Боксшы Талғат Шәйкен (64 кг) финалда ресейлік спортшымен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Осылайша ол жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құрама 8 медаль жеңіп алып, жалпы есепте 21-орыннан көрінді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: