Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық спортшылар допинг дауына ілінді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 15:12 ҚазАқпарат
Аталған тізімге жеті қазақстандық спортшы енген.

Қазақстанның ұлттық антидопингтік орталығының ресми сайтында тыйым салынған қоспаларды қолданғаны үшін шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайттың мәліметтеріне сәйкес, аталған тізімге жеті қазақстандық спортшы енген. Олардың қатарында велошабандозшы Виктор Окишев бар. Спортшының 2018 жылы жасалған талдауында тыйым салынған эритропоэтин препараты табылды. Салдарынан Окишев 2018 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін сегіз жылға спорттан шеттетілді.

Сондай-ақ, допинг қабылдаған спортшылардың тізіміне Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзгіш Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) және жеңіл атлеттер Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) кірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: