Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық кәсіпкер Англияның ең бай адамдар қатарына кірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 23:41 Сурет: zakon.kz
Аталған тізімде қазақстандық ірі кәсіпкер Владимир Ким 93-ші орынды иеленді.

Sunday Times басылымы жыл сайынғы Ұлыбританияның ең бай адамдарының мыңдаған тізімін жариялады. Бұл тізімге ел азаматтары ғана емес, сондай-ақ Ұлыбританияда тұратын немесе жұмыс істейтін шетелдіктер де кіреді. Бұл туралы Sunday Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған тізімде қазақстандық ірі кәсіпкер Владимир Ким 93-ші орынды иеленді. Оның жағдайы 1,4 миллиард фунт, яғни 1,9 миллиард долларға бағаланады. Бұл 2017 жылға қарағанда 790 миллион фунтқа көп.

Ким түрлі-түсті және қымбат металдарды өндіру мен өңдеумен айналысатын KAZ Minerals Group компаниясының президенті және негізгі акционері болып табылады. Бүгінде Ұлыбританияның ең бай адамдар қатарына кірген қазақстандық миллиардер сонымен қатар, «Қазақмыс» холдингінің президенті.

KAZ Minerals Group компаниясы Лондонда орналасқан және оның акциялары Лондон Қор Биржасында бағаланады. 2010 жылы Владимир Ким өз акцияларының бір бөлігін KAZ Minerals компаниясына сатып, 838 миллион фунт стерлинг пайда көрді.

2016 жылы компания Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізгенде көрсеткен көмегі үшін оған 454 мың фунт төледі.

Өз уақытын Алматыда өткізетін Владимир Ким қазір 57 жаста. Ол Сталиннің кезінде Қиыр Шығыстан жер аударып келген этникалық корейлердің ұрпағы.

Өздеріңізге белгілі болғандай, Кимнің Лондонның орталығындағы One Hyde Park ғимаратында пәтері бар. Ал, онда тұру құны ең арзан дегенде 20 миллион фунт болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: