48 секунд қалғанда: "Барыс" "Авангардтан" жеңісті жұлып әкетті

видеодан кадр видеодан кадр
"Барыс" келесі матчын 18 желтоқсанда нижний Новгородта жергілікті "Торпедоға" қарсы өткізеді.

"Барыс" Балашихада е "Авангардпен" кездесті, деп хабарлайды zakon.kz "Барыс" ХК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаң иелері алғашқы кезеңде екі шайба соғып тастап, есепте алға шықты. Екінші шайба жіберіп алғаннан кейін "Барыс" қақпашысын ауыстырды – Паскуаленің орнын Карлссон басты.

Екінші кезеңде "Барыс" барын салды: Роман Старченко шайбамен көзге түсті.

Үшінші кезеңнің соңында "Барыс" 5 те 3 форматында басымдыққа ие болды. Корбэн Найт есепті теңестірген. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға 48 секунд қалғанда Никита Михайлис соққан шайба "Барысқа" жеңіс әкелді. Қорытынды есеп – 3:2.

Осымен КХЛ-де халықаралық үзіліс басталды. "Барыс" келесі матчын 18 желтоқсанда нижний Новгородта жергілікті "Торпедоға" қарсы өткізеді.

"Авангард" – "Барыс" – 2:3 (2:0, 0:1, 0:2)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз