Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сұлулық салондарынан тері ауруларын жұқтыруда

Бүгінде тырнағы тырнадай, кірпігі найзадай аруларды жиі кездестіретін болдық.

Сурет : видеодан кадр23 Желтоқсан 2019, 12:31

Боянғанды ұнататын бұрымдылардың назарына! Түрлі тері ауруын жұқтырып, үстіңізге бит түспесін десеңіз, сұлулық салондарынан сақ болыңыз! Мамандар жасанды кірпік пен жағылатын опа-далапта түрлі бактериялардың барын айтып, дабыл қағып жатыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгінде тырнағы тырнадай, кірпігі найзадай аруларды жиі кездестіретін болдық. Соңғы сұлулық трендінен қалмау үшін қыз-келіншектер сұлулық салондарын торауылдайды. Бірақ, әдемі боламын деп жүріп түрлі тері ауруларын жұқтыратындары да жоқ емес. Мәселен, арзанға педюкюр жасатып, ауруханадан бір-ақ шыққан Оксана енді тырнақ сәндегіш мамандардан әбден қорқып қалған. Интернет арқылы іздеп тапқан шебердің кесірінен саусағынан айырылып қала жаздапты.

Оксана, қала тұрғыны:

"Тырнағымды ретке келтірудің орнына, мастер оны жартылай кесіп алды. Артынша, ақшамның жартысын қайтарып, тырнағым бірнеше уақыттан кейін қалпына келеді деп сендірді. Бірақ, екінші аяғымның саусағым іріңдеп мазамды қашырды. Бірнеше уақыттан кейін өзге салонға бардым. Олар мен қабылдаудан бас тартты!".

Оксана секілді жаппа шеккендер жетерлік, дейді мамандар. Өйткені, қазір әлеуметтік желіде үйде қызмет көрсететін мамандар жетіп артылады. Олардың жартысынан көбіне арнайы сертификаттары жоқ. Одан қалды, санитарлық талаптарды орындаймайды. Ал арзанға жүгіріп, кейін опық жейтіндер өз құқықтарын қорғай алмай әлек болады.

Әсел Сарина, тырнақ шебері:

"Біздегі құрал-саймандар жәй сөрелерде емес, арнайы стерилизаторда тұрады. Жуырда маған бір бойжеткен келді. Оның тырнағының формасы әдемі болатын. Тек бұған дейінгі мастер оның саусақтарым зақымдап алған. Салдарынан, тесілген жері өмір бақи солай қалады. Мұндай жаппа шеккендер өте көп".

Жасанды кірпіксіз жүре алмайтындар үшін құлаққағыс! Мәселен, бір көзбен қарағанда кірпік жабыстыруда тұрған ешбір әбестік жоқ сияқты. Біраақ, нағыз биттің шоғырланатын жері дәл сол жасанды кірпіктер екен.

Марина Кудрявцева, кірпік жабыстыру шебері:

"На ресницах размножаются вши лобкового вида. Кірпікте де биттер болады. Білесіздер кейбір мастерлер тіпті құрал-саймандарын жуып, тазаламайды. Салдарынан осынадай бактериялар үймелейді. Кірпігіңізді биті бар тарақпен тараса болды, ар жағын ойлаудың өзі қорқынышты".


Елімізде сұлулық индустриясы жылдам дамуда. Қазір, жертөрледе, үйдің ішінде, бизнес орталықтарда жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай ашылып жатыр. Арифметикаға салсақ, республика бойынша бес жарым мыңға жуық шаштараз бен сұлулық салоны тіркелген. Оның мыңға жуығы Нұр-Сұлтан қаласында. Бұл тек ресми тіркелгендері, ал қалғандары есепте жоқ. Соңғы 9 айда сұлулық салондарына қатысты 14 шағым келіп түскен. Тексеріс нәтижесіне сәйкес, салондардың жартысынан көбі санитарлық талаптарға сай болмай шыққан.

Марал Рахимжанова, инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және объектілерді бақылау басқармасының басшысы:

"Санитарлық талаптарды орындамаған үшін айыппұлдың құны екі есеге өсті. Ал бұл талаптары екінші рет тағы бұзса, онда оның үстіне тағы қосылады. Қыз-келіншектерге айтар кеңесім, барған жеріңізден міндетті түрде чек алыңыз. Ол сіздің негізгі айғаңыз болады".


Егер де сұлулық салндарының құрбаны болсаңыз онда міндетті түрде Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне хабарласқан жөн. Ал көрсетілген қызмет көңіліңізден шықпаса Тұтынушылардың қорғайтын комитет арыз-шағымыңызды тыңдауға дайын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер