Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда әкесін атып өлтірген қыз түрмеге тоғытылмады

media.az, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2019 21:42 media.az
Сотталушыға психиатрлық станционарда мәжбүрлі түрле ем алу шаралары тағайындалды.

Қостанай облысында әкесін атып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 12 мамырда Алтынсарин ауылының тұрғыны үйінде тіркеуден өтпеген аңшы мылтығымен әкесін атып өлтірген. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетті.

- Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен П.-ның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеті дәлелденіп, ессіз күйде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында көзделген қылмысты жасаған деп танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес П. Қылмыс кезінде есін білмегендіктен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлады сот.

Сотталушыға психиатрлық станционарда мәжбүрлі түрле ем алу шаралары тағайындалды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Alau.kz хабарлағандай, сотталған әйел психикалық дерті бойынша ІІ-топтағы мүгедек болғанына қарамастан ұзақ уақыт бойы әкесін бағып-қағып келген. Осы жылдың 12 мамырында ер адам қайтыс болды. Сол ауылда тұратын тағы екі қызы үйге келіп, учаскелік инспектор мен медицина қызметкерін шақырды.

- Учаскелік инспектор туыстарының ер адам өзінен мерт болды деген уәжіне қарамастан оқиға орнына тергеу-жедел тобын шақырды. Тихоненконың мәйіті аудандық мәйітханаға жіберілді, онда жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша оның мылтық оғынан жараланып, көз жұмғаны анықталды, - деді судья Алтынай Сағындықова.

Іс материалдарына сәйкес, Тихоненконы тауып алғанда бүкіл киімі үстінде, денесінде қан болмаған. Тек мәйітханада оның денесінен жапсырма қағаз табылғаны, ал оның астына оқ жарасы табылған. Ер адамның өкпесі мен жүрегін оқ тескен болып шықты. Алайда, мәйіттің қасында үйден қару табылған жоқ, дегенмен қарт адамның өлімі анық қылмыстық сипатқа ие болды. Алғашқы жауап алулардан кейін "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды.

"Полиция қызметкерлерінің, учаскелік инспектордың, тергеушінің сұрақ-жауап алуы кезінде Пурик бастапқыда әкесіне өзі сұраған соң оқ атқаны туралы айтқан", - деді судья.

Сөйтсе Тихоненко соңғы кездері қатты ауырып, дерті жанына батқанда бірнеше рет өлгісі келетінін айтыпты. Соттың мәліметінше, ол ақыл-есі дұрыс емес қызынан оған көмектесуін сұраған. Әйелдің есі дұрыс емес екенін, бүгіндері Пурик жатқызылған, Алматы облыстық арнайы мекемеде өткізілген психиатриялық сараптама растады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: