Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан парламентіне бес партия өтті

kun.uz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2019 17:32 kun.uz
ЕҚЫҰ байқаушылары билікке Шавкат Мирзияев келгелі алғаш рет өткен парламент сайлауын бәсекелі түрде өткенін мәлімдеді, бірақ дауыс санау кезінде арнайы ережелердің сақталмағанын айтты.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жексенбі күні өткен парламент сайлауының бастапқы қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, парламентте ірі фракцияны Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы құрайды, деп хабарлайды centralasian.org.

"Әзірге 150 округтің 128-не сайланған депутаттар белгілі. 43 орын Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясына, 35 орын "Ұлттық жаңғыру" партиясына, 21 орын "Әділет" социал-демократиялық партиясына, 18 орын Халықтық демократиялық партияға және 11 орын Өзбекстанның экологиялық партиясына тиді", - деді ОСК жетекшісі Мирзо-Улугбек Абдусаломов.

Тәуелсіз сарапшылар парламентке өткен бес партия да негізгі мәселелер бойынша Шавкат Мирзияевті қолдайтынын айтады.

ОСК мәліметі бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 70 проценті, яғни 18 797 810 адам қатысқан.

ЕҚЫҰ байқаушылары билікке Шавкат Мирзияев келгелі алғаш рет өткен парламент сайлауын бәсекелі түрде өткенін мәлімдеді, бірақ дауыс санау кезінде арнайы ережелердің сақталмағанын айтты.

"Біз Өзбекстан реформа жолына түскен жаңа сайлау шынайы, бәсекелі өткенін көрдік. Бірақ сайлауалды кампанияларында шектеулер болды",- деді ұйымның Өзбекстандағы байқаушылар жетекшісі болған Георгий Церетели.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) байқаушылары дауыс беру кезінде заң бұзушылық орын алмады деп мәлімдеді. Олар сайлау ашық, заңға сәйкес өткенін хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: