Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл көлемі 10 есеге өседі

Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптен тұрады. Оның алтыншысы - экологиялық бақылауды күшейту.

Сурет : primeminister.kz24 Желтоқсан 2019, 12:23

Үкімет отырысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясындағы жобасын таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 2,5 млн. тоннаны, ал жыл сайынғы өсуі 100 мың тоннаны құрап отыр.

"Егер тиісті шара қабылданбаған жағдайда, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетін болады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін Министрлік неміс тарапының қолдауымен 2050 жылға дейінгі төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеуге кірісті", — деді Мырзағалиев.

Министр атап өткендей, қазіргі уақытта еліміздің 3,5 мың полигонында 120 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталған және жыл сайын 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жиналып отырады. 2016 жылдан бастап тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу 2,6%-дан 11,5%-ға дейін, ал өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу үлесі 26,8%-дан 32,2%-ға дейін өскені байқалады.

2019 жылдан бастап пластмассаны, макулатураны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салынды. Алайда, өңірлерде тиісті инфрақұрылым болмағандықтан, іске қосылған механизм жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылмай отыр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, атмосфералық ауаның сапасы, жер үсті суларының ластануы, кәріздік тазарту құрылғыларының тозуы немесе болмауы, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының болмауы немесе жай-күйінің нашарлығы бойынша проблемалар бар. Бұдан басқа, шешуді қажет ететін жергілікті экологиялық проблемалар да бар.

"Жергілікті атқарушы органдар экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдау арқылы аталған проблемаларды шешуге тырысады. Дегенмен, республиканың қоршаған ортасын жақсарту үшін ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау қажет", — деді министр.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық кодекс пен оған ілеспе заңның жобаларын әзірледі. Экологиялық кодекс жобасы – экологиялық реттеудегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі ескеріле отырып әзірленген жаңа құжат.

Сонымен қатар Кодексті әзірлеу кезеңінде, оны өңірлерде жұртшылықпен және бизнес-қауымдастықпен кеңінен талқылау жүргізілді. Осы талқылау барысында жұртшылықтан 2 мыңнан астам ұсыныс түсті. Соның біразы Кодекске енді.

Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптен тұрады.

Бірінші принцип — "ластаушы төлейді және түзетеді"

Ол ластанудың алдын алу және бақылау шараларын, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру үшін жауапкершілікті көздейді. Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлегеннен гөрі қоршаған ортаға теріс әсер етуге жол бермейтін шараларды қолдануға жағдайлар жасауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда "превенция" механизмі. Сонымен қатар, экологияға зиян келтірген ластаушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті.

Екінші принцип — қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері

Қолданыстағы Экологиялық кодекс бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау – ОВОС – рәсімінен өту талаптары іс жүзінде барлық, яғни 19 мың кәсіпорынға қолданылады. Бұл тәсіл тиімсіз және орынсыз. Сондықтан жаңа Экологиялық кодексте шығарындылардың 80% тиесілі "бірінші санаттағы" 2,6 мың кәсіпорынға ғана аталған талапты қолдану ұсынылады. Бұл ретте, жұртшылық қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысады.

Үшінші принцип — озық қолжетімді технологияларды енгізу мен экономикалық ынталандыру шаралары.

Экологиялық жағдайды барынша жақсартуда озық қолжетімді технологияларды ендіру керек. Бұл үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық аудиттен өтеді. Шығарындылар көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін технологиялар ұсынылады. Озық қолжетімді технологияларды ендірген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер олар осы технологиялар жүйесіне ауыспағанда эмиссияға төлем ставкалары артады.

Төртінші принцип — эмиссия үшін түсетін төлемдерді экологиялық шараларға бағыттау

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада қоршаған ортаға эмиссиялар төлемдерін табиғатты қорғау шараларына жұмсау міндеттілмейді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар түскен қаражаттың 0%-дан 400%-ға дейін, орта есеппен алғанда 45%-ын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөліп отыр. Экологиялық төлемдер мен оларды жұмсауға байланысты қазіргі жағдай халықаралық сарапшылар тарапынан бірнеше рет сынға алынды. Осыған байланысты, ілеспе заң жобасында табиғат қорғау іс-шараларын экологиялық төлемдер есебінен 100% қаржыландыру міндеттелген.

Бесінші принцип — шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру

Экологиялық кодекстің жобасында I санаттағы объектілер үшін шығарындылар мен төгінділердің сапалық және сандық құрамы туралы уақтылы және шынайы ақпарат алу үшін деректерді уәкілетті органға берумен өндірістік экологиялық мониторингті міндетті автоматтандыру қарастырылған.

Алтыншы принцип — экологиялық бақылауды күшейту

Ілеспе заң жобасында тұрғындардың өмір жағдайына тікелей әсері бар фактілер бойынша тексеру жүргізу тұрғысынан Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылады. Аталған өзгерістер қоршаған ортаға кері әсер фактілеріне жедел ден қоюға бағытталады. Әкімшілік айыппұлдарды 10 есеге ұлғайту арқылы экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Жетінші принцип — өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру.

Жаңа Экологиялық кодекстің жобасында ЭЫДҰ елдерінде пайдаланылатын айналмалы экономика принциптерін ендіру басты назарға айналды. Аталған жоба шеңберінде қалдықтарды кезең-кезеңмен басқаруға бағытталған қалдықтардың иерархиясы, яғни олардың пайда болуының алдын алуға, қайта пайдаланылуына, қайта өңделуіне, жойылуына бағытталған шаралар тізбегі қарастырылған. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының санын төмендету мақсатында қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау және қоқыс шығаратын ұйымдар үшін ескерту тәртібі енгізілетін болады.

"Біздің елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі үлкен проблема болып табылады: тек 14%-ы ғана қайта өңделеді. Тарифтері төмен болғандықтан, бұл сала инвесторлар үшін инвестициялық тартымды емес. Қалдықтарды жағу кезінде алынатын электр энергиясын сатуды көздейтін "Waste to Energy" механизмін енгізу ұсынылады. Бұл ретте еуропалық директивалар тәрізді, шығарындылардың сапасы бойынша қатаң талаптар қойылады. Осы механизм 2025 жылға дейін қалдықтар көлемін 30%-ға дейін азайтуға және жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", — деді Мырзағалиев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер