Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық банктерге әртүрлі деңгейдегі заң бұзушылықтар үшін 7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 17:57 24.kz
Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 56 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жол беретін, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 56 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде:

- 23 санкция айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде;

- жазбаша ұйғарым түріндегі 33 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көптеген жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген:

- банктік қарыздарға қызмет көрсетуді;

- төлемдер мен ақша аударымдарын;

- банктік шоттарға қызмет көрсетуді.

Банктік қарызға қызмет көрсету тәртібі бойынша:

- клиенттермен жасалған шарттарда дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеулермен сыйақы мөлшерлемесін көрсету бойынша міндеттерді орындамауына;

- кредиттік досьеден банктік қарыз шарты бойынша құжаттардың түрпнұсқаларын жоғалтуына;

- кредиттік бюроға қарыз алушы жөнінде дәйексіз мәліметтер беруге;

- кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы кредиттік бюроға ақпарат беруге келісімін алмауына;

- банк клиенті бойынша оның келісімінсіз кредиттік есепті алуға;

- қарыз алушыға шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өткені туралы хабарламауға, төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және қарыз алушының міндеттемелерді орындамау салдары туралы;

- қарыз алушыға берешек туралы мәліметтерді және банктік қарыз шарты бойынша өтеу есебінен келіп түсетін ақшаны бөлу туралы ақпаратты беру мерзімдерін бұзуына;

- өтініш иесінің қарыз бойынша берешектің пайда болғаны туралы түсіндірме бермеу бөлігіндегі өтінішін толық қарамауға;

- қарыз алушыға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді ұсынбауға;

- банктік қарызға қызмет көрсету мәселелеріне бойынша банктік ішкі құжаттарын сақтамауға;

- кепіл мүлігін бухгалтерлік есепке алу тәртібін бұзуға қатысты бұзушылықтар анықталды.

Төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асыру тәртібі бойынша:

- банк клиентінің ағымдағы шотынан үшінші тұлғанын банктік шотына негізсіз ақша аударуға;

- клиенттің төлем карточкасын негізсіз бұғаттауға;

- көрсетілетін төлем қызметі бойынша бір жақты тәртіппен комиссиясын өсіруге;

- банкоматта бейнебақылау камерасының болмауына қатысты бұзушылықтар анықталды.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша мынадай банктер ең көп бұзушылыққа жол берді (бес және одан астам): "ForteBank"АҚ, "Сбербанк России"АҚ ЕБ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ банкі» АҚ, «Еуразиялық банкі» АҚ, «Қазпошта» АҚ.

Атап өткен жөн, "ForteBank" АҚ-қа 6 жазбаша ұйғарым шығарылды, банктің бұзушылықтары банк шотына және банктік қарызға қызмет көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ 4 әкімшілік айыппұл салынды, олардың 2 - кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді бергені және 2 – клиенттермен жасалған шарттарда дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі міндетті орындамағаны үшін.

"Сбербанк России" АҚ ЕБ-ға төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін 7 әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ банктік шотқа қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін жазбаша ұйғарым шығарылды.

"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ-қа 4 жазбаша ұйғарым шығарылды, банктің бұзушылықтары банк шотына және банктік қарызға қызмет көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ Ұлттық Банк шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін 1 әкімшілік айыппұл салынды.

"Банк ЦентрКредит" АҚ-қа банктік қарызға қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін 5 жазбаша ұйғарым шығарылды, сондай-ақ кредиттік бюроға клиент жөнінде дәйексіз мәліметтерді бергені үшін 2 әкімшілік айыппұл салынды.

"Қазпошта" АҚ-қа төлемдерді жүзеге асыру мен ақша аударымдары және банк шотына қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін 4 жазбаша ұйғарым шығарылды, сондай-ақ нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайларда төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауды орындағаны үшін 1 әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6 млн. 965 теңгеден астам болды, оның ішінде:

- "Еуразиялық банк" АҚ – 2 млн. 405 мың теңге (ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті алуға сұрату бергені үшін; кредиттік тарих субъектісі ретінде өтініш беруші туралы дәйексіз мәліметтерді бергені үшін);

- "Сбербанк России" ЕБ АҚ – 1 млн. 154 мың 402 теңге (төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауларды уақтылы орындамағаны үшін; нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздер болған кезде төлем және ақша аудару бойынша нұсқауды орындағаны үшін);

- "ForteBank" АҚ - 1 млн. 202 мың 500 теңге (клиенттермен жасалатын шарттарда шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсету міндетін орындамағаны үшін, кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді бергені үшін);

- "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ - 757 мың 575 теңге (Ұлттық Банк шектеулі ықпал ету шарасын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін);

- "Банк Центр Кредит" АҚ - 962 мың теңге (кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді бергені үшін);

- "Цеснабанк" АҚ - 401 мың теңге (төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауларды уақтылы орындамағаны үшін).

- "Қазпочта" АҚ - 98 мың 650 теңге (нұсқауды орындаудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайларда төлем және (немесе) ақша аудару бойынша нұсқауды орындағаны үшін).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: