Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қостанай облысында "әділет майоры" Айытов 30 мың теңге пара алды

Ол сотталған адамға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізгені үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.

Сурет : Хабар 2424 Желтоқсан 2019, 13:39

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің отряд басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті деп танылған Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қостанай қаласы 161/2 Комитет басқармасы мекемесінің отряд басшысы әділет майоры А. Айытовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол сотталған адамға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізгені үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен А.А.Айытовқа 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айытов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына және "әділет майоры" арнайы атағынан айырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер