Түркістан облысында мектеп директоры пара үшін сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 16:52 zakon.kz
Ол азаматты техникалық персонал ретінде жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Бірлік атындағы орта мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Бірлік атындағы орта мектебінің директоры Б. Шырымбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Ол азаматты техникалық персонал ретінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Мақтаарал ауданының №2 сотының үкімімен аталған шенеунік пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 4,5 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: