Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру тәртібін өзгертті

cutimes.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 17:48 cutimes.com
2015 жылдан бастап ипотекалық проблемалық заем бойынша 56 млрд теңгеден астам сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша берешек ақша жабылды.

2015 жылдан бастап жалғыз баспананы сақтап қалуға, ипотекалық қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайтуға және олар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда 171,4 млрд теңгеге 28 мың қарыз алушыға көмек көрсетілді, 56 млрд теңгеден астам сомаға қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша берешегі жабылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Банктер бөлген қаражат толық көлемде игерілді және револьверлік тетікті ескере отырып қайта қаржыландырылған қарыздар саны 2026 жылға дейін 40 мыңнан астам болады. Бағдарламаның екінші бөлігі 2018 жылы 27 наурызда іске қосылды және жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді,- дейді Ұлттық банктегілер.

Оған қоса бұл арадағы шетелдік валюта бағам айырмасының сомасы (156 млрд теңге) Ұлттық Банк қаражатының есебінен өтеледі.

Банктер қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық бойынша берешегін 136 млрд теңгеге азайтады.

Ведомство мәліметі бойынша, валюталық қарыз алушылардан қайта қаржыландыруға банктерге 9 мыңнан аса өтініш берілді, оның ішінде қайта қаржыландыруға 78,7 млрд теңгенің 8 840 қарызы мақұлданды.

Бағдарламаның іске асырылуына жасалған талдау қорытындысы бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Ұлттық Банкке халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатына жататын ипотекалық қарыздарға қызмет көрсетуде қиын жағдайға тап болған ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау есебіне жалғыз мүлкі банктердің балансына өткен қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар шараларды әзірлеуді тапсырды.

"Осы тапсырманы орындау шеңберінде, ағымдағы жылғы 23 желтоқсанда Ұлттық Банк басқармасы Бағдарламаға өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар банктерге қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын мұқият жан-жақты талдау негізінде, тараптардың келісімі бойынша жеке тәртіппен ХӘОТ санатына жатқызылған, ипотекалық қарыздарға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшыраған қарыз алушыларды сауықтырудың қосымша тетіктерін қолдану құқығын береді", - дейді Ұлттық банктегілер.

Бағдарламадағы өзгерістер, банктердің деректері бойынша, ХӘОТ санатына жатқызылған, ипотекалық қарыздар бойынша 44,6 млрд. теңге сомаға берешегі бар 7 355 қарыз алушыны қолдауды қамтуға мүмкіндік береді, бұл жағдайда олар ипотекалық қарыздарға қызмет көрсетуге байланысты негізделген қиындыққа ұшырайды. Банктің балансында тұрған тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыны қаржыландыруды жүзеге асыру не оған тұрғын үйді кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру құқығы беріледі.

- Бұл шаралар бұрын қайтарымды негізде бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асыратын болады, - дейді ҰБ.

Жергілікті атқарушы билік органдарының жеке тұлғалардың кіріс деңгейін арттыру бойынша жұмысы бағдарламаға енгізілген өзгерістермен қатар, жиынтығында қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын атап өтеміз, қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей кредитор банкке өтініш беру қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: