Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының үшінші кезеңі мәресіне жетті

astana.fm, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 21:58 astana.fm
Жалпы, барлық қатысушыға 700 мыңнан аса дауыс берілген.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Жобаға қатысуға 2 мыңға тарта адам өтініш білдірген. Солардың тек 32-сі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Олардың қатарында әр түрлі саланың өкілдері бар. Жалпы, барлық қатысушыға 700 мыңнан аса дауыс берілген.

Айта кетейік, бұл жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жетістікке жеткен жандардың өмірін өзгелерге үлгі ете отырып, ел дамуына үлес қосуға, еңбек етуге, бәсекеге қабілетті болуға шақырады.

Рүстем Ермекбай, кәсіпкер:

- Еңбекті көріп бағалап, жеңімпаз деп танып жатыр. Бұл үлкен қолдау. Қазақи нақыштағы киімдер тігеміз. 250 мыңнан аса киім өндірдік. Серіктестеріміз бар 1200-ден аса 20 қалада. Мен өзі шетелде туып өскенмін. Әжемнің оюларын көріп өстім. Армайтынмын қазақи киім тігуді. Компанияда ашқанда қалтамда 35 мың т еңге болған. Қазір үлкен холдингке айналдық.

Шәкәрім Сейсенбай, № 54 мектеп-лицейінің директоры:

- Жасым 28-де. Білім саласында 10 жылдай қызмет етіп келе жатырмын. Бірнеше жерде қызмет атқардым. Тәрбиеші болдым. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы нөмірі 54 мектепте мектеп директорымын. Директор болу әрине оңай емес. Бірақ адам өзіне ұнаған мандықты таңдаса жеңіл болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: