Жаңалықтар тізбегі
0

Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

УВП Туркестанской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 22:54 УВП Туркестанской области
Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған "дуплекс" типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген "Баламекен" шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған "дуплекс" типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 22:54

- Апаттан кейін бүкіл қазақ елі Арыс халқының қайғы-мұңын бөлісіп, қол ұшын созды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, халықпен бірге екенін көрсетсе, ҚР Премьер-министрі екі апта сайын келіп, Арыстағы құрылыс жұмыстарын бақылауды назардан тыс қалдырмады. Атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырдыАрыста атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырды, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Қайыртайұлы өз сөзінде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 22:54

Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн. теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуінен бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 22:54

Бүкіл Қазақстан Арыста орын алған оқиғаға күйзелді, еліміздің көптеген ұйымдары мен азаматтары қалаға және оның тұрғындарына қолдау көрсетті. Біз де қаланы қалпына келтіруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Сондықтан біздің Қорымыздың құрылтайшысы баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін үйлер тұрғызуға бағытталған "Баламекен" жобасын кеңейтуге және жалғастыруға шешім қабылдады, – деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 22:54

Жаңа үй иелерінің қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бірнеше үйді аралап шығып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Бұл жоба Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қорымен серіктестікте "Верный Капитал" компаниялар тобының табысты ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: