Жаңалықтар тізбегі
0

Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 18:42 BNews.kz
Ол қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстарға басшылық ететін болады.

Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбект Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қырықбаев Арман Оразбайұлы – 1976 жылы дүниеге келген.

Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының түлегі. Еңбек еткен әр жылдары ол Nur Otan партиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде және Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді.

Ол қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры, мәдениет комитетінің төрағасы, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" республикалық басылымдарының, "Қазақфильм" АҚ, "Нұр Медиа" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды, онда ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларды басқарды.

Партия хатшысы ретінде Арман Қырықбаев қоғамдық-саяси бағытты, Қоғамдық саясат институтын, "Жас Отан" жастар қанатын, сарапшылар қауымдастығымен және басқалармен тығыз қарым-қатынастағы жұмыстарға басшылық ететін болады.

Партия төрағаның бірінші орынбасары оның партиядағы үлкен тәжірибесі, сонымен қатар орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы атқарған істері тапсырылған міндетттерді жауапты әрі нәтижелі орындауға мүмкіндік береді деп сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: